Жаңалықтар

image description
icon

ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖОБА

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен №83 орта мектебінде педагогтерге арналған жаңа жоба — «Инсайт» ресурс клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға қаламыздағы мектеп мұғалімдері қатысты.

Клуб мақсаты — педагогтердің кәсіби және эмоционалды ресурсын қолдау, тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастықты дамыту және психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру.

Шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова жоба мақсатына тоқталып, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті психология және арнайы педагогика кафедрасының аға оқытушысы Жанар Кереймағамбетова клубтың ұстаздар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Іс-шара аясында флешмоб және «Бірлік — ресурс бастауы» атты тимбилдинг ұйымдастырылып, оған Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейі, Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 және №69, №77, №83 орта мектептердің педагогтері қатысып, белсенділік танытты.

Жоба жетекшісі — «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейтованың айтуынша, педагогтерге арналған жоба аясында түрлі психологиялық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап