ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІ
Мәртөк ауданының педагог-психологтеріне арналған «Жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқаты: аутодеструкция, буллинг, ерте жүктілік және жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.
Мақсат — білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәуекел факторларының алдын алу жолдарын қарастыру және мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева қатысушыларға жасөспірімдер арасындағы өзекті психологиялық мәселелердің сипаты, олардың алдын алу алгоритмдері мен тиімді тәсілдерін ұсынды.
Педагог-психологтердің кәсіби әлеуетін арттырып, мектептердегі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған семинарда тәжірибелік кейстер талданды, нақты ұсыныстар беріліп, әдістемелік қолдау көрсетілді.