Жаңалықтар

image description
image description
icon

БАЛА БАҚЫТЫ ҮШІН ОТБАСЫ ТАТУЛЫҒЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Бұлбұл Жиенбаева қалалық Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінде ЮНЕСКО клубының ата-аналарымен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» акциясы аясында «Отбасындағы татулық — бала бақытының бастауы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шара отбасылық қарым-қатынаста сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту, бала құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ ата-аналар арасында қолдау мен білім беру мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Ата-аналар кездесудің пайдалы әрі қызықты өткенін атап өтті. Атап айтсақ, отбасылық қатынастарды нығайту бойынша практикалық кеңестер мен балалардың құқықтары туралы мағлұмат алып, жанжалдарды алдын алу тәсілдерін үйренді.

Ата-аналар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға ниетті екенін, балалары үшін қауіпсіз әрі бақытты орта құруға ұмтылатынын жеткізді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап