Жаңалықтар

image description
icon

ҚЫЗ БАЛАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Назерке Өтеп Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназиясында қыз балалармен кездесу өткізді. Кездесу барысында репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктіліктің алдын алу және өзін қорғау тақырыптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара мақсаты — жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, қауіпсіз орта қалыптастыру және ерте жүктіліктің алдын алу. Оқушыларға жасөспірімдік кезеңдегі физиологиялық өзгерістер, жеке қауіпсіздік ережелері, жыныстық қолсұғылмаушылық, жауапты шешім қабылдау, өзін құрметтеу және өз құқығын қорғау туралы толық ақпарат берілді.

Сонымен қатар, қыз балаларға өз сезімдері мен ойларын еркін жеткізуге арнайы психологиялық қолдау көрсетілді. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, қауіпсіздік дағдыларын дамытуға және болашақта дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап