КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева Ш.Берсиев атындағы жоғары аграрлық-техникалық колледж педагогтерімен кездесті.
Мақсат — білім алушыларға қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін талқылау, педагогтің рөлін күшейту және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жетілдіру.
Кездесу барысында талқыланған мәселелер:
Білім алушылардың эмоционалдық әл-ауқатын сақтау
Қиындықтарды ерте анықтау және оларды бірге еңсеру жолдары
Педагог пен студент арасындағы сенімді қарым-қатынас қалыптастыру
Жеке білім алушыға бағытталған қолдау түрлерін күшейту
Колледждегі қолдау мәдениетін дамыту.
Кездесу қорытындысында педагогтер жасөспірімдерге қолдау көрсету бойынша тиімді тәжірибелерімен бөлісті.