ҚҰҚЫҚ САБАҒЫ
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің 1-курс білім алушыларымен кездесу өткізіп, «Алға ұмтыл, асуларды бағындыр!» тақырыбында құқықтық сабақ жүргізді.
Мақсат — жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, жауапкершілік пен өзін-өзі дамыту мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және саналы өмірлік бағыт қалыптастыру.
Сабақ барысында жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, жауапты шешім қабылдау және өзін-өзі басқару дағдылары талқыланды. Құқық бұзушылықтың салдары мен оның өмірге әсері туралы нақты мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, студенттермен ашық пікір алмасу жүргізілді.
Шара студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.