МАҚСАТ — ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінде С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» халықаралық акциясы аясында «Қауіпсіз орта — болашаққа сенім» тақырыбында тренинг өтті.
Аталған шараға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Назерке Өтеп қатысты.
Тренинг барысында студенттер:
Қауіпсіз ортаның мәні мен оны қалыптастыру жолдарын түсінді;
Коммуникация мен өзара құрметтің маңызын сезінді;
Топтық көңілді жаттығулар арқылы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтты;
Өз ойларын еркін жеткізіп, эмоционалдық қолдау атмосферасын қалыптастырды.
Тренинг жастардың саналы ойлауын дамытып, бір-біріне құрметпен қарауға және қауіпсіз орта құрудың маңызын терең түсінуге ықпал етті.