МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ БОЛАШАҒЫМ
№78 мектеп-гимназиясында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова 11-сынып оқушыларына арналған «Мен және менің болашағым» психологиялық қолдау сабағын жүргізді.
Сабақ білім алушыларға өмірдің мәні мен құндылығын түсіндіру, сондай-ақ ҰБТ мен мемлекеттік емтихан алдындағы мазасыздықты азайтып, өзіне деген сенімділікті арттыруға бағытталды.
Өмір құндылығы, мамандық таңдаудағы жауапкершілік және сүйікті іс арқылы жетістікке жету жолдары түсіндірілді. «Мак» карталарымен жұмыс жасалып, «Өзін тану», «Менің бойымдағы құндылықтар» жаттығулары ұйымдастырылды.
Оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, мейірім, адалдық, татулық, сыйластық және арман-мақсаттары туралы өз ойларымен бөлісті.