Жаңалықтар

image description
icon

ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Назерке Өтеп Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің 1-курс студенттеріне арналған «Достық пен өзара құрмет» тақырыбында көңілді тренинг өткізді.

Тренинг барысында студенттер бір-бірін тыңдау, түсіну дағдыларын дамытуға, достық қарым-қатынаста шынайылық пен қолдаудың маңызын сезінуге мүмкіндік алды. Топтық жаттығулар мен ойындар арқылы қатысушылар өзара сенім мен сыйластықты арттырып, командалық рухты нығайтты.

Сондай-ақ, студенттерге эмоцияны дұрыс басқару, пікірталас кезінде сыпайылықты сақтау және топ ішінде жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларына ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, қатысушылар жағымды эмоциялар мен жаңа әсерлерге бөленді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап