КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында колледж директорларына арналған «Сенімге негізделген орта: білім алушы-педагог-ата-ана арасындағы тиімді байланыс» тақырыбында психологиялық-педагогикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шарада орталық директоры Меруерт Жұбандықова, облыс прокурорының аға көмекшісі Әлібек Жұмағұлов, облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Манарбек Қойшыбаев, психолог-практик Орынгүл Сатпаева және орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова «Психологиялық қызметті ұйымдастырудың нормативті-құқықтық негіздері», «Заңға бағыну мәдениеті және тұлғаның ішкі жауапкершілігі», «Отбасылық-тұрмыстық, зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы заңның рөлі және оның қауіпсіз қоғам қалыптастырудағы маңызы», «Қауіпсіз орта қалыптастыру: үйлесімді қарым-қатынастар жолы», «Студенттердің психоэмоциялық жай-күйі: қауіпті аймақтар мен алдын алу шаралары» тақырыптарында өзекті мәселелерді талқылап, ой бөлісті.
Өз кезегінде колледж басшылары ұсыныстарын білдіріп, пікір алмасты.
Дөңгелек үстел соңында орталық әдіскері Назерке Өтеп қатысушыларға рефлексия жүргізді.