Жаңалықтар

image description
icon

БІЛІМ АЛУШЫМЕН СЕНІМДІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің педагогтеріне арналған «Білім алушымен сенімді қарым-қатынас орнату жолдары» тақырыбында кездесу өткізді.

Мақсат — педагог пен білім алушы арасындағы сенімге негізделген қарым-қатынасты нығайту, білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолдау көрсету дағдыларын дамыту.

Іс-шара барысында студентпен тиімді коммуникация орнату тәсілдері, қиын жағдайларда қолдау көрсету жолдары, сондай-ақ педагогтің кәсіби және эмоционалдық тұрақтылығын сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына және білім алушылармен жұмыс сапасын арттыруға бағытталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап