Жаңалықтар

image description
icon

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ — БАРШАҒА ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің ата-аналарына арналған «Бала қауіпсіздігі — ата-ана мен педагогтің ортақ міндеті» тақырыбында танымдық кездесу өткізді.

Мақсат — бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ана мен педагогтің өзара жауапкершілігін арттырып, сенімді серіктестік орнату және алдын алу жұмыстарының маңызын түсіндіру.

 Іс-шара барысында бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары, ата-ана мен оқытушының бірлескен іс-қимылы, сондай-ақ қиын жағдайлардың алдын алу тәсілдері кеңінен талқыланды.

Кездесу ата-аналардың құқықтық және психологиялық сауатын арттырып, бала мүддесін қорғаудағы бірлескен жұмысты нығайтуға бағытталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап