БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Үздік әлеуметтік педагог-2025» облыстық байқауы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерін таныстыру, кейс тапсырмаларды орындау және жобаны қорғау шарттары бойынша сынға түсті.
Байқау қорытындысында I орынды — Ақсүйрік Қанғұжина (Алға ауданы), II орынды — Әйгерім Қабиева (Байғанин ауданы), III орынды — Бакзат Қамбарова (Хромтау ауданы) мен Ұлжан Төлепқалиева (Мәртөк ауданы) иеленді.
Жеңімпаздар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының саяхат жолдамаларына арналған сертификаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, байқауға қатысқан 9 үміткер түрлі номинациялар бойынша арнайы марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!