Жаңалықтар

image description
icon

ЖҮРЕККЕ ЖЕТКЕН ТӘРБИЕ — ӨМІРГЕ ЖЕТЕР ҚАРУ

Темір ауданы Н.Байғанин атындағы мектеп-балабақшасында 9-11-сынып оқушыларына арналған «Жүрекке жеткен тәрбие — өмірге жетер қару» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинарға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова спикер ретінде қатысты.


Мақсат — оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ете отырып, тәрбиенің өмірлік маңызын ұғындыру, жасөспірімдердің өзін-өзі тану, эмоцияларын басқару, дұрыс шешім қабылдау және өмірлік құндылықтарды саналы түрде қалыптастыру дағдыларын дамыту.


Семинар барысында Лаура Бердібекова жасөспірімдердің психологиялық саулығы, рухани дамуы, өмірлік құндылықтарды дұрыс қалыптастыру мәселелері туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, тәрбиенің адам өміріндегі шешуші рөліне тоқталып, өмірлік қиындықтарды жеңуде ішкі сенім мен дұрыс бағыттың маңыздылығын түсіндірді.


Іс-шара аясында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп, оқушылар бейнематериал туралы ой-пікірлерін білдірді.
Мұндай кездесулер оқушылардың рухани дамуына, өмірге деген көзқарасының қалыптасуына және болашаққа сеніммен қадам басуына зор ықпал ететіні сөзсіз.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап