Жаңалықтар

image description
icon

ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «Ізденіс. Өсу. Нәтиже» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында семинар-практикум өтті.


Іс-шараға Бадамша агротехникалық колледжі, Ақтөбе сервис колледжі және Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог-психологтері қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.


Семинарды орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова жүргізді.

Ал орталық директоры Меруерт Жұбандықова өз сөзінде екіжақты әріптестік пен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды.


Бадамша агротехникалық колледжінің педагог-психологі Гүлмира Даухаренова

«Жасөспірімдермен жұмыс барысында арт-терапияны қолдану» тақырыбында арт-терапия әдістерін көрсетті. Ақтөбе сервис колледжінің педагог-психологі Индира Камтиева «Мазасыздық пен стресс: оқу мен өмірде оны қалай жеңуге болады?» тақырыбында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету тәжірибесін таныстырды. Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог-психологі Перизат Сырлыбаева «Арт-терапия — дамыту және түзету құралы» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді.


Орталық әдіскері Назерке Өтеп қатысушыларға арналған «Менің қоржыным» тренингін өткізді. Семинар соңында іс-тәжірибесімен бөліскен мамандар Алғыс хаттармен марапатталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап