Жаңалықтар

image description
icon

«EQ-LAB» СТУДИЯСЫ — МӘРТӨК АУДАНЫНДА

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, оқушыларға арналған «EQ-LAB» студиясының жетекшісі Ботагөз Қосмағамбетова жобаны аудандық деңгейде таныстыру мақсатында Мәртөк ауданының 8-9-10-11-сынып оқушыларымен «Эмоцияны басқару мәдениеті» тақырыбында интерактивті тренинг өткізді. Іс-шара офлайн форматта  ұйымдастырылды.

Тренинг барысында қатысушылар эмоция ұғымының мәнін тереңірек түсініп, эмоция түрлері, оларды тану, және дұрыс жеткізу жолдары туралы жан-жақты ақпарат алды. Эмоционалдық интеллектті дамытуға бағытталған практикалық жаттығулар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылар өз сезімдерін, басқару дағдыларын тәжірибе жүзінде ұштастырды.

Сонымен қатар оқушыларға эмоциялық күйді қалыпқа келтіруге арналған бейнероликтер көрсетіліп, психолог маманның пайдалы кеңестері ұсынылды. «Сен агрессияңды қалай жеңесің?» тақырыбындағы бейнематериал арқылы агрессияның себептері мен оны конструктивті жолмен басқару тәсілдері талқыланды.

Талқылау барысында оқушылар «Эмоцияның тағы қандай түрлері болады?» деген сұрақ аясында өз ойларын ортаға салды, өмірлік тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, белсенді кері байланыс білдірді.

Іс-шара аясында ұсынылған практикалық психологиялық кеңестер, бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмалар оқушылардың күнделікті өмірде эмоцияны тиімді басқару дағдыларын дамытуға ықпал етті. Тренинг жасөспірімдердің өзін-өзі тануына, психоэмоциялық тұрақтылығын арттыруға және эмоционалдық сауатын қалыптастыруға бағытталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап