Жаңалықтар

image description
image description
icon

ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Ақтөбе қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында педагогикалық-психологиялық қолдау қызметінің жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету шаралары жүргізілуде.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева және әдіскері Назерке Өтеп білім беру ұйымдарындағы психологиялық-әлеуметтік қызметтің ұйымдастырылу деңгейін, құжаттамалық жұмыстарды және тәжірибелік бағыттарды талдап, әдістемелік ұсынымдар берді.
20-21 қаңтар күндері зерделеу жұмыстары төмендегі оқу орындарында өтті:
Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі
Ақтөбе автожол колледжі
Ақтөбе сервис колледжі
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап