ЗЕРДЕЛЕУ: №4 ОРТА МЕКТЕБІ
Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын зерделеу және әдістемелік көмек көрсету мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева және психологы Бұлбұл Жиенбаева №4 орта мектебінде болып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Орталық мамандары мектептегі психологиялық-әлеуметтік қызметтің ұйымдастырылу деңгейін, қолданыстағы нормативтік құжаттардың жүргізілу сапасын, жылдық жоспарлар мен есептердің мазмұнын, сондай-ақ жүргізіліп жатқан түзету-дамыту, профилактикалық және кеңес беру жұмыстарының тиімділігін талдады.
Сонымен қатар, білім алушыларға, ата-аналарға және педагогтерге көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау түрлері қарастырылып, нақты тәжірибелік жұмыстарға талдау жасалды.
Зерделеу қорытындысы бойынша мамандар қызмет сапасын арттыру, құжаттаманы жүйелеу, жұмыс бағыттарын нақтылау және кәсіби қызметті жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.