Жаңалықтар

image description
icon

«EQ-LAB» ЖОБАСЫ: №26 ОРТА МЕКТЕБІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «EQ-LAB» оқушыларға арналған жоба аясында орталық әдіскері Гүлжанат Сейітова №26 орта мектебінің 8-сынып оқушыларына арналған «Эмоциялар лабораториясы» ойын форматындағы тренингтер сериясын өткізді.

Сонымен қатар, тренинг барысында эмоциялық сауаттылықты арттыруға бағытталған ойындар, топтық тапсырмалар, тәжірибелік жаттығулар ұсынылды.

Білім алушылар эмоцияларымен  бөлісіп, ішкі сезімдері мен әсерлерін шынайы жеткізе алды.

 Іс-шара аясында оқушылардың эмоциялық тәжірибесін бейнелейтін шағын бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық-тәжірибелік сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап