Бала құқығын қорғау жүйесіндегі білім ордасының орны
«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Сарыағаш ауданының жалпы білім беретін ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен педагог-психологтарына арналған «Балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі мектептің рөлі» тақырыбында вебинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы мен мектептің өзара серіктестігін нығайту арқылы бала құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыстың тиімділігін арттыру.
Вебинар барысында балалардың құқықтарын қорғауда мектептің атқаратын міндеттері, педагог-психолог пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының рөлі, бала мүддесін бірінші орынға қою, сондай-ақ отбасымен жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығы кеңінен талқыланды. Қатысушыларға құқықтық нормалар, профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру жолдары және тәуекел тобындағы балалармен жұмыс жүргізу тәсілдері бойынша әдістемелік бағыт-бағдар берілді.
Іс-шараны әдіскер-үйлестіруші Тоқжан Берденқызы ұйымдастырып, вебинар барысында қатысушылармен тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау мүмкіндігі жасалды. Сондай-ақ, орталық психологы Салтанат Сейдилазимова «Отбасы мен мектеп, бала мүддесін қорғаудағы серіктестік» тақырыбында баяндама жасап, ата-ана мен білім беру ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.
Вебинар қорытындысы бойынша бала құқықтарын қорғауда мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығының маңыздылығы атап өтіліп, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттілігі көрсетілді.