«Баланың құқықтарын қорғаудағы ата-ана мен педагогтің жауапкершілігі» тақырыбында вебинар
«Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Оразкүл Шайхықызының қолдауымен Арыс қаласының білім беру ұйымдарының 8–10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Баланың құқықтарын қорғаудағы ата-ана мен педагогтың жауапкершілігі» тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинардың мақсаты – баланың құқықтарын қорғауда ата-ана мен педагогтың заңды, педагогикалық және моральдық жауапкершілігін түсіндіру, бала мүддесін бірінші орынға қоятын бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру, сондай-ақ бала құқықтарының бұзылуының алдын алу жолдары мен тиімді өзара ынтымақтастық тетіктерін айқындау.
Іс-шара барысында орталықтың психологы С. Таджибаева «Баланың құқықтарын қорғаудағы ата-ана мен педагогтың жауапкершілігі» тақырыбында, ал әлеуметтік педагог А. Ташимова «Баланың құқығы бұзылмайтын тәрбие: зорлықсыз қарым-қатынас» тақырыбында баяндама жасады.
Вебинарда баланың құқықтарын қорғау, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ата-ана мен мектептің өзара тиімді іс-қимылы мәселелері кеңінен қозғалды.