Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған семинар-кеңес өтуде

Астана қаласында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру: қолдау қызметінің моделі және мамандар практикасы» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтуде.


Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, білім басқармаларының мамандары, мектеп директорларының орынбасарлары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.


Семинардың мақсаты - ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және қолдау қызметтерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған практикалық тәсілдерді әзірлеу.


Бағдарлама аясында инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, нормативтік-құқықтық реттеу, қолдау қызметтерінің жұмысын жетілдіру, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту, сондай-ақ жаңа Конституцияның білім беру жүйесін дамытуға әсері қарастырылады.


Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап