МҰҒАЛІМНІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ
«JAN AHUAL» психолгиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Роза Көшкінбаеваның ұйымдастыруымен Кенқияқ орта мектебінде «Мұғалімнің эмоционалдық тұрақтылығы және оқушылармен қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында педагогтерге арналған семинар-тренинг өтті.
Жасөспірімдерді қолдау, сүйемелдеу, алдын алу жұмыстарын жүргізу аясында құқықтық-нормативтік құжаттарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар «Өзіңді таны» рефлексиялық тапсырмасы, ішкі ресурсты анықтауға арналған жаттығулар, «Ситуациялық жағдайларды шешу жолдары» тақырыбындағы шығармашылық жұмыс және «Бала тілегі» терапиялық жаттығуы жүргізілді.
Өз кезегінде педагогтер тәжірибе арқылы эмоцияларын бақылау, кәсіби шаршаудың алдын алу және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдарын меңгерді.