ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ САУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Роза Көшкінбаева Кеңкияқ орта мектебінде «Қауіпсіз қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында оқушылардың эмоционалдық саулығын нығайтуға арналған ауқымды жұмыстар жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға эмоционалдық саулығын нығайтуға арналған жаттығулар ұсынылып, олардың маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Балалар өз көңіл күйін тану, сезімдерін дұрыс жеткізу және басқалардың эмоциясын түсіну дағдыларын дамытты.
Тыныс алу жаттығулары арқылы эмоционалдық күйді реттеу, тыныштану және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдары көрсетілді.
Нәтижесінде балалар өз эмоцияларын жақсы түсінді, оларды басқару дағдыларын меңгеріп, ішкі сенімділік пен өзара қолдау атмосферасын сезінді.