«СЕНІМ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ: МӘРТӨК АУДАНЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «Сенім көпірі» облыстық жобасы аясында Мәртөк ауданының №2 Сарыжар орта мектебінде ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы — сенімді болашақ кепілі» тақырыбында интерактивті семинар өтті.
«Ice-breaker» бөлімінде орталық туралы бейнеролик көрсетіліп, орталық директоры Меруерт Жұбандықова ата-ананың өзін дамытуы мен баланың құқықтарын қорғаудың маңызын атап өтті. Орталық директорының орынбасары Майра Сәрсенғалиева балаға жақын болу, тыңдау және түсіну дағдыларының рөлін түсіндірді. Әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева отбасы құндылықтарының маңыздылығына тоқталды.
«Networking» практикалық бөлімінде «Сенемін, қолдаймын, жаныңдамын» тақырыбында қатысушылар топтық тренингке қатысты, тәжірибе алмасып, тиімді қарым-қатынас пен қолдау көрсету дағдыларын дамытты.
Семинар соңында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.