БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІРЫҢҒАЙ ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУ БОЙЫНША ВЕБИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
«Өркен» БӘАҰҒПИ «Жазғы каникул кезеңінде жеке қауіпсіздік сабақтарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында оқыту вебинарын өткізді.
Бұл шара білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін күшейтуге арналды.
Вебинардың басты мақсаты – жазғы демалыс уақытында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылар мен ата-аналар арасында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жетілдіру.
Спикерлер білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік бойынша бірыңғай сабақтарды ұйымдастыру және өткізу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Балалардың әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруда жүйелі тәсілдің маңызы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, профилактикалық сабақтарды жүргізуде балалардың жас ерекшеліктері мен психологиялық жағдайларын ескеру қажеттілігі, ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне тартудың заманауи тәсілдері талқыланды.
Спикерлер жазғы каникул кезінде жиі кездесетін негізгі қауіптерді атап өтіп, олардың алдын алу бойынша тәжірибелік ұсыныстармен бөлісті.