Жаңалықтар

image description
icon

«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты»

 КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырмасы бойынша ««Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалармен жұмыстағы заманауи технологиялар мен тәсілдер: SOS Қазақстан балалар ауылдарының тәжірибесі»» білім беру бағдарламасы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының 2026 жылдың 12 мамыры басталатынын хабарлайды.

 Курстың мақсаты: балалардың әл-ауқатын, қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық жұмыстың заманауи тәсілдемелері мен технологияларын игеру арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курстың өткізілу мерзімі: 12-22 мамыр 2026 жыл

 Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.

 Оқыту формасы: күндізгі.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап