ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮШІН ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША САБАҚТАР ӨТЕДІ
Жазғы демалыс қарсаңында Қазақстанның барлық мектептерінде жеке қауіпсіздік бойынша жаппай сабақтар басталады. Оқу сағаттары балалардың шынайы өмірде және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқушыларға су айдындарындағы, көшедегі, үйдегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері еске салынады. Сондай-ақ жеке мәліметтерді қорғау, кибербуллинг және интернеттегі қауіпсіздік шаралары туралы айтылады.
Негізгі мақсат – жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесу.
Поделиться: