Жаңалықтар

image description
image description
icon

СЕНІМ МЕН ҚОЛДАУҒА ТОЛЫ 2 ЖЫЛ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының 2 жылдығына орай «Сенім. Тірек. Кеңістік.» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

 Іс-шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Ізбасар, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Нұркеева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Нұргүл Әбішева, медиатор Бибігүл Әбілдаева, білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, педагогтер, ата-аналар және білім алушылар қатысты.

Орталық директоры Меруерт Жұбандықова орталықтың 2 жыл ішінде атқарған жұмыстарына тоқталды.

Семинар аясында «Инсайт клубы» — педагогтердің кәсіби күйзелісінің (жану синдромының) алдын алуға арналған қолдау алаңы, «Сенім көпірі» — ата-аналарға арналған ашық диалогтық алаңы, «Ментор және мен» — жас педагог-психологтарға арналған кәсіби даму клубы, «EQ-LAB» — білім алушылардың эмоционалдық интеллектін дамыту студиясы ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар табысталды.


Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап