Жаңалықтар

image description
icon

«ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ

М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған лицей-интернаты педагогтеріне арналған «Эмоционалды интеллект» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сейітова жүргізді.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, түрлі практикалық жаттығулар орындады.

Атап айтқанда, «Лифт», «Эмоцияны таны» жаттығулары арқылы қатысушылар эмоцияларды тану, басқару және тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.

Тренинг педагогтерге ерекше әсер сыйлады.

Мұндай тренингтер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп қана қоймай, олардың эмоционалдық тұрақтылығын сақтауда, күйзеліспен күресу дағдыларын қалыптастыруда және ұжымдық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап