ОҚУШЫЛАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРДІ
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларына психологиялық тренинг өтті.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айдана Мырзаханова 10-сынып оқушыларымен «Адам бойындағы асыл қасиеттер» тақырыбында тренинг өткізіп, оқушылардың бойындағы адамгершілік, мейірімділік, сыйластық қасиеттерін дамытуға бағыт-бағдар берді.
Сонымен қатар, орталық әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова 11-сынып оқушыларымен «Әрбір жан өз бақытының шебері» тақырыбында кездесу өткізіп, өмірлік мақсат, өз-өзіне сенім және болашаққа жауапкершілік туралы ой қозғады.
Оқушылар белсенді қатысты, өз ойларымен бөлісіп, ерекше әсер алды.
Поделиться: