ҚАУІПСІЗ ОРТА — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ НЕГІЗІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Таңшолпан Жаңаберген Кеңкияқ орта мектебінің оқушыларына «Өмірлік дағдылар: қауіпсіз орта қалыптастыру» тақырыбында тренинг сабақтар өткізді.
Іс-шара барысында балалармен топтық жұмыстар, шаттық шеңбері, сергіту жаттығулары ұйымдастырылып, өзара қауіпсіз орта қалыптастыру, бір-біріне деген сыйластықты нығайту және өмірлік дағдыларды жетілдіру бағытында психологиялық қолдау көрсетілді.
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Поделиться: