ЗЕРДЕЛЕУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ: БАЙҒАНИН АУДАНЫ
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметіне зерделеу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова, бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова, әлеуметтік педагог Алмажан Қоғамбаева және әдіскер Гүлжанат Сейітова кешенді жұмыстар жүргізді.
Жұмыс барысында білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің нормативтік құжаттамаларының жүргізілу сапасы, мамандардың кәсіби деңгейі және білім алушыларға көрсетілетін қолдау жүйесі қарастырылды.
Сонымен қатар, педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерге әдістемелік ұсынымдар беріліп, тәжірибелік тұрғыда нақты көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, педагогикалық бақылауды қажет ететін балаларды бақылау және сүйемелдеу жұмыстары түсіндіріліп, бағыт-бағдар берілді.