Жаңалықтар

image description
icon

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ЖАНЖАЛДАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Таңшолпан Жаңаберген Кеңкияқ орта мектебінде педагогтер мен ата-аналарға арналған «Қарым-қатынастағы жанжалдарды шешу жолдары» тақырыбында психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында эмоцияны дұрыс басқару тәсілдері, баламен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары, тыңдай білу және түсіністік таныту дағдылары, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың маңызы туралы психологиялық ақпараттар берілді.

Педагогтер мен ата-аналар өзара пікір алмасып, психологиялық жаттығулар арқылы жағымды қарым-қатынастың маңыздылығын түсінді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап