Жаңалықтар

image description
icon

«Өмірлік дағдылар: мәселені шешу және дұрыс шешім қабылдау» тақырыбында практикум сабақтары

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова мен Таңшолпан Жаңаберген Кеңкияқ орта мектебінің 10-11-сынып оқушыларына «Өмірлік дағдылар: мәселені шешу және дұрыс шешім қабылдау» тақырыбында практикум сабақтарын өткізді.

 Сабақ барысында балаларға өмірлік дағдыларды жетілдіру бағытында психологиялық қолдауға арналған топтық жұмыстар, мұнара жасау әдісі, түрлі түсті бояуларды қолдану арқылы «Сәттілік ағашын» толтыру, дұрыс тыныс алу, алғыс айту жаттығулары ұйымдастырылды.

Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, өз мақсаттарын айқындады. Жақсы тілектерін жазып, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап