Жаңалықтар

image description
icon

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДІҢ ПСИХИКАҒА ӘСЕРІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова         мен Таңшолпан Жаңаберген Кеңкияқ орта мектебінің 8-сынып оқушыларына «Зиянды әдеттердің психикаға әсері» тақырыбында тренинг сабақтарын өткізді.

Тренинг барысында зиянды әдеттердің адам денсаулығына, эмоционалдық күйіне және мінез-құлқына тигізетін кері әсерлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Балалардың саулығын нығайту және жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері», «Қал қалай?», «Би терапиясы», «Домик-гномик», «Менің арманым» атты топтық жұмыстар мен жаттығулар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде білім алушылар өз эмоцияларын басқару, дұрыс шешім қабылдау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсініп, өз пікірлерімен бөлісті.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап