Жаңалықтар

image description
icon

«Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді курстар

«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырма бойынша «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының 2026 жылдың 01 маусымы басталғанын хабарлайды. 

 Курстың мақсаты: білім алушылардың жобалық іс-әрекеті негізінде білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және қарсы іс-қимыл жүйесін тиімді іске асыру бойынша орта білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.

 Курстың өткізілу мерзімі: 01-12 маусым 2026 жыл

 Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.

 Оқыту формасы: күндізгі.

 Мақсаттық аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының педагогтері. 

 Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап