ҚЫЗЫҚТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Назерке Өтеп пен Айдана Мырзаханова «Әлия» жазғы лагерінде демалып жатқан оқушыларға арналған психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында қатысушылар қызықты психологиялық жаттығулар мен командалық ойындар арқылы ұйымшылдықты, өзара сенімді, көшбасшылық қасиеттерді және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Шара соңында оқушылар бір-біріне қолдау көрсетудің, өзара түсіністік танытудың және топпен бірлесіп әрекет етудің табысқа жетудегі маңызын тереңірек түсініп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Поделиться: