«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырма бойынша «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» білім беру бағдарламасы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының басталатынын хабарлайды.
Курстың мақсаты: кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда педагогтардың құзыреттілігін арттыру, балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алудың тиімді жүйесін құру.
Курстың өткізілу мерзімі: 01-12 маусым 2026 жыл
Оқыту тілдері: мемлекеттік.
Оқыту формасы: күндізгі.
Мақсаттық аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының педагогтері.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.