Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
icon

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологтары Роза Кушкинбаева мен Жұлдыз Ибашева Ақтөбе қаласы саябақтарында «Бала жүрегіне жол» атты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында ата-аналар мен балаларға бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдаудың маңыздылығы, отбасында жылы әрі сенімді қарым-қатынас қалыптастыру, баланың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу, қауіпсіз орта құру және оның пікірін тыңдай білудің мәні жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар ата-аналарға күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы психологиялық кеңестер беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды.

Балалармен еркін әрі жылы әңгімелесу арқылы олардың көңіл-күйі мен ой-пікірлеріне назар аударылып, сенімге негізделген қарым-қатынастың бала дамуына тигізетін оң әсері кеңінен насихатталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап