Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

БАЛА ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ — МЕЙІРІМ МЕН ТҮСІНІСТІКТЕН БАСТАЛАДЫ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Нұргүл Қалданова мен әдіскер Әсемхан Мәжитова Ақтөбе қаласы саябақтарында «Бала жүрегіне жол» атты ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізді.

Іс-шара барысында ата-аналар мен балаларға психологиялық қолдаудың маңыздылығы, отбасында сенімді әрі жылы қарым-қатынас қалыптастыру, баланың эмоциялық саулығына көңіл бөлу және қауіпсіз орта құрудың мәні түсіндірілді.

Сонымен қатар ата-аналарға пайдалы психологиялық кеңестер беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Балалармен еркін форматта әңгіме жүргізіліп, ой-пікірлері тыңдалды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап