Жаңалықтар

image description
image description
icon

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЗҒЫ СЕССИЯДА ПЕДАГОГТЕР ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАҢА КУРСТЫҢ МАЗМҰНЫМЕН ТАНЫСТЫ

Республикалық жазғы сессия аясында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мамандары Жеке қауіпсіздік бойынша жаңа курсты таныстырды. Екі тренингтік топта 40 педагог-психолог, педагог және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқытудан өтті.


Қатысушылар курстың құрылымымен және мазмұнымен танысып, оны іске асырудағы білім беру ұйымдары мамандарының рөлін қарастырды, практикалық кейстерді талдап, түрлі жағдайлардағы іс-әрекет алгоритмдерін пысықтады. Тиімді коммуникация мәселелеріне, сондай-ақ балалар мен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап