«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» — ЖАСТАР НАЗАРЫНДА
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Лаура Бердібекова облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Aqtobe Camp-2026» облыстық жобасына қатысты.
Іс-шара аясында 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге «Заң мен тәртіп» қағидасын насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тренинг ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастарға нашақорлықтың алдын алу, есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық жауапкершілігі, бопсалаушылық, кибербуллинг, ұрлық пен алаяқтықтың, сондай-ақ лудоманияның алдын алу және жасөспірімдер арасында дұрыс орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.
Қатысушылар «Сенімді дос» және «Менің мақсаттарым» атты тренингтік жаттығуларға қатысты. Сондай-ақ «Жарқын болашақ» тақырыбында топтық шығармашылық жұмыстар орындап, өз ойларымен бөлісті.
Кездесу соңында жастар мұндай іс-шаралардың пайдалы екенін айтып, жиі ұйымдастырылса деген ұсыныстарын білдірді.