Жаңалықтар

image description
image description
icon

БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

Ақтөбе қаласының Астана және Алматы аудандары білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтерге биыл «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты бекіткен диагностикалық, практикалық және түзету-дамыту әдістемелері, құқықтық-нормативтік құжаттар және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының директоры Меруерт Жұбандықова білім беру ұйымдарында құқықтық-нормативтік құжаттарды жүргізу тәртібіне тоқталды. Сонымен қатар педагог-психолог, әлеуметтік педагог және топ жетекшілерінің өзара бірлескен жұмысы ғана тиімді нәтижеге жеткізетінін атап өтті.

Орталық директорының орынбасары Лаура Бердібекова педагогикалық назар аударуды қажет ететін білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің негізгі бағыттары бойынша ақпарат берді.

Орталықтың бөлім меңгерушісі Ментай Телағысова білім беру ортасында балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің тұтас жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

№5 орта мектептің педагог-психологы Айнура Батырғалиева білім беру ортасында балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің тиімді тәжірибесімен бөлісті.

Ал орталық директорының орынбасары Медеухан Жасжанова жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және оны ерте кезеңде анықтаудағы кейстік тәсіл туралы айтып, мамандарға практикалық бағыт-бағдар берді.

Әдістемелік күн аясында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім алушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың әл-ауқатын қолдау және қиын жағдайлардың алдын алу бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап