Жаңалықтар

image description
icon

БАЛАЛЫҚ ШАҚ: СЕНІМ, ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Қ. Жазықов атындағы орта мектебінде «Балалық шақ: эмоция және тепе-теңдік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиынға «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айсұлу Жахина мен психолог Жұлдыз Ибашева қатысып, «Отбасы құндылығы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар ата-аналарға арналған практикалық жаттығулар мен тренингтер өткізіліп, бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер берілді.

Жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланып, ата-аналармен пікір алмасу ұйымдастырылды. Қатысушылар ойларын ортаға салып, тиімді ұсыныстарымен бөлісті.

«Сенім, қолдау және қауіпсіз орта» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен педагогтер ұжымына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қауіпсіз психологиялық ортаны қалыптастыру жолдары талқыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ мектеп оқушыларына психолог Жұлдыз Ибашева «Өмір құндылығы — өз қолыңда» тақырыбында арт-терапиялық жұмыс жүргізді.

Білім алушылармен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, «Сенімді дос», «Қимылды қайтала» атты тренингтер өткізілді.

Іс-шаралар балалардың эмоциялық саулығын қолдап, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және мектепте сенімді әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап