Жаңалықтар

image description
icon

БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕ БОЙЫНША ОҚЫТУДАН ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Осы бастама аясында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтарына арналған Mental Health ҰБДҚ бірыңғай жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өтті.

Семинар барысында платформаның мүмкіндіктері таныстырылып, оны мамандардың күнделікті жұмысында тиімді пайдалану жолдары қарастырылды.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, балалар мен жасөспірімдерге көрсетілетін психологиялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдермен танысты.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап