АТА-АНАЛАРҒА МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ БЕРІЛДІ
Ақтөбе қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында «Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы — бала қауіпсіздігі мен тәрбиесінің кепілі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Айдана Мырзаханова ата-аналарға баланың психологиялық саулығын сақтау, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, буллинг пен зорлық-зомбылықтан қорғау және баланың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлудің маңыздылығы туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, баланың жан дүниесін түсіну, сезімдері мен қажеттіліктеріне құрметпен қарау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ ата-аналарға қиын жағдайға тап болған баланы дер кезінде байқап, оған қолдау көрсету, ашық диалог орнату және мектеппен тығыз байланыста болу жөнінде психологиялық ұсыныстар берілді.