Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ: ЖЕКЕ ҚАУІПСІЗДІК

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында Ақтөбе облысы Ембі қаласындағы №7 орта мектептің 8-сынып оқушыларына жеке қауіпсіздік мәселелері бойынша психологиялық қолдау және сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.


«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Құралай Оразова мен Айдана Мырзаханова оқушыларға жеке шекараны сақтау, қауіпті жағдайларды ажырата білу, өз құқықтарын қорғау, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау және қажет кезде көмек сұрай білу дағдылары туралы түсіндірді.


Сонымен қатар, оқушылармен психологиялық жаттығулар өткізіліп, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.


Кездесу оқушылардың жеке қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейтіп, өз құқықтары мен жеке шекараларын қорғау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап