Жаңалықтар

image description
image description
icon

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Ақтөбе сервис колледжінің 1-курс студенттерімен «Психологиялық қауіпсіздік — менің таңдауым» тақырыбында психологиялық тренинг өтті.


«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Ботагөз Қосмағамбетова студенттермен жеке шекараны сақтау, өз сезімдерін түсіну және дұрыс жеткізу, өзін-өзі құрметтеу, жеке қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелері бойынша ашық әңгіме жүргізді.


Студенттер түрлі психологиялық жаттығулар мен жағдаяттық тапсырмаларға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ бір-бірін тыңдау мен құрметтеудің маңыздылығына назар аударылды.


Сонымен қатар ермексазды пайдалана отырып, арт-терапиялық жұмыстар жүргізілді. Шығармашылық жұмыс арқылы қатысушылар өз эмоцияларын білдіріп, ішкі сезімдерін түсінуге, жағымды көңіл күй қалыптастыруға және эмоционалдық жай-күйін реттеуге мүмкіндік алды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап