Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында қала және аудан педагог-психологтеріне арналған кезекті әдістемелік күн өтті.


Кездесу барысында білім алушылардың эмоционалдық жағдайын бақылау, психологиялық әл-ауқатын сақтау, эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру, мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде анықтау және қажетті психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды.


Сонымен қатар «Balazhan» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері, жұмыс істеу тәртібі және оны білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінде тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.


Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибеде кездесетін өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап